12
сентябрь
2024
«Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімінің офицерлері лейтенант Дүйсен Жасым Әбдінұрұлы және Усенов Бағдәулет Казиұлымен кездесу
2024 жылғы 12 қыркүйек күні № 21ЖОББ мектебінде жоғары сынып оқушыларын Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білуге үйрету мақсатында ҚР ҰҚҚ ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаменті Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы «Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімінің офицерлері лейтенант Дүйсен Жасым Әбдінұрұлы және Усенов Бағдәулет Казиұлымен кездесу өткізілді. Офицерлер мектеп оқушыларымен “Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының тарихы” тақырыбында қызықты да, пайдалы сабақ ұйымдастырды.




