10
октябрь
2024
«Кел, дос болайық!» тәрбие сағаты
«Кел, дос болайық!» тақырыбында 3 сынып жетекшісі Т.Лайпанова тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Білім алушылардың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, сенімділік қасиеттерін дамыту. Тәрбие сағаты сәлемдесу жаттығуымен басталып, жылы тілекпен жалғасты. Сабақ барысында достық, тұлғааралық қарым-қатынастағы проблемалар, толғандырып жүрген жайттар жөнінде анонимді түрде жазылған хаттарға талдау жасалынып, шешімі талқыға салынды, дұрыс ақыл-кеңес берілді. Ұжымды біріктіруге, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаттығуда оқушылар суреттер салды. Тәрбие сағаты соңында оқушылар алған әсерімен бөлісіп, рефлексия жасады.
