«Ана тілі – жүрек үні» салтанатты іс-шара » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ана тілі – жүрек үні» салтанатты іс-шара
02
сентябрь
2025

«Ана тілі – жүрек үні» салтанатты іс-шара

2025 жылғы 2 қыркүйек күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде Тілдер мерекесіне орай «Ана тілі – жүрек үні» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі ұстаздарының ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.      Кештің шымылдығы оқушылардың орындауындағы ұлттық күймен ашылып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, оқушылар қазақтың белгілі ақындарының ана тіліне арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, тілдің құдіреті мен маңызын паш етті.   Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, ұрпаққа берер тәрбиелік мәні айшықталып, тілге құрмет – елге құрмет екендігі атап өтілді.
     Шара жас ұрпақты туған тілді ардақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үндеген тағылымды басқосу болды. ‎