«Қазақстан халқы тілдері күніне» орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты мерекелік іс – шара » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазақстан халқы тілдері күніне» орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты мерекелік іс – шара
12
январь
2019

«Қазақстан халқы тілдері күніне» орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты мерекелік іс – шара

«Қазақстан халқы тілдері» күніне орай №21 жалпы білім беретін орта мектебінде қыркүйектің 10-21-і аралығында «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты мерекелік апталық өтті.
10-қыркүйек күні мектеп алаңында тіл мерекесіне арналған салтанатты лездеме болды. «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!» атты стенд дайындалып,мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен әдеби кітаптар көрмесі оқушыларға ұсынылды. Салтанатты лездемеде мектеп директоры Э.А.Бекжанова құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларды тіл мерекесіне белсене қатысуларын сұрады. Оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, 10 «А» сынып оқушысы Олжабек А. «Жаса, қазақ тілі» атты ән орындады.
17-18 қыркүйек күні 9-11 сыныптар арасында «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі!» «Тілім барда білмеймін мен қайғыны» «Жасай бер, қазақ тілі!» тақырыптарында эссе жазу байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы апталық соңында анықталып, жеңімпаздарға марапаттаулар берілді.
Үздік жазған оқушылардың шығарма жұмыстарынан мектеп дәлізінде көрме ұйымдастырылды.
19-қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл менің тілім! » атты тақырыпта 4-сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Байқауда оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, тіл байлықтарының кең екенін көрсетті. Тіл туралы өлеңдер оқылып, Тейфурова С.«Ананың тілі» әнін нақышына келтіріп орындады. Әрқашан тілді құрметтеу маңызды, бірінші кезекте екенін ашық айтты.
А.Айтқұлова мен Г.Наметқұлова 7-сыныптар арасында «Тіл мәртебесін ұлықтайық» атты эрудит сабағы тіл мәртебесінің әрқашанда жоғары екендігін дәлелдеді
5-сыныптар арасында «Ана тілің-арың бұл» мерекелік сынып сағатын пән мұғалімдері Н.Әбишева, Джақсымбетова М, Ақтайбекова Ж, Наметкулова Г. жоғары деңгейде ұйымдастырды.Сабақта үштілділікті оқушылар өте жақсы меңгергендігін көрсетті. Сабақ барысында тілге байланысты мақал-мәтелдер айтып, екі топ сайысқа түсті. Мақал – мәтел сайысы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті. «Анамның тілі» атты әнді сабақ соңында хормен орындады. Мұғалім А.Ботабекова 10 «А» сыныбында «Үштілділік заман талабы» тақырыбында өткізген пікір-сайыс барысында оқушылар өздерінің тілге байланысты «Қызыл тіл» , «Ақыл-ой» атты қабырға газеттерін салып қорғады.
8 сыныптар арасында мұғалімдер Ж.Ақтайбекова мен Серікова А. «Тапқыр достар» атты тақырыпта зияткерлік ойын сабағын өткізді. Оқушылар 7 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін көрсете білді.
Оқушылар ақындардың тіл туралы жаттап келген өлеңдерін ортаға салды. А.Құнанбаев «Сегіз аяқ», Қ.Мырзалиев «Ана тілің-арың бұл», М.Жұмабаев «Қазақ тілі», Ә.Тәжібаев «Ана тілі» атты ақындардың өлеңдерін нақышына келтіріп орындады
Барлық сыныптарда «Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 9-11-сыныптар арасында өткізілген «Латын алфавитіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы дөңгелек үстелді мұғалімдер Наметкулова Г. және Айткулова А. өте тартымды өтті. Мұғалім латын алфавитінің жақсы жақтарын қолдаса, түсінбеген оқушылар қызу талқыға салып түрлі сұрақтарды туындата отырып өз жауаптарын алды.
21.09.2017ж. күні мектеп ауласында мерекелік іс-шараның жабылу салтанаты орыс тілі , ағылшын тілі пән бірлестіктерінің қатысуымен аталып өтті. Тіл туралы өлеңдер оқылып, қазақтың үш биі – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек бидің тіл туралы толғауларын оқушылар жоғары деңгейде орындады. Жабылу салтанатына әдеби кітаптар көрмесі, ұлттық нақышымызды бейнелейтін дүниелер қойылған бұрыш дайындалды. Мектеп директоры Э.А.Бекжанова сөз сөйлеп, апталыққа белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар берілді.7-сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер оқыды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.Әбишова әже рөлін сомдап, қазақтың «Бесікке салу» дәстүрін кеңінен көрсетті.
«Бесікке салу» дәстүрі кезіндегі айтылатын тілектер,ырымдар сахналық көрініс кезінде мерекелік іс-шараның маңызын айшықтай түсті.9-сынып оқушысы Олжабек А. «Қазағымның дәстүрлері-ай» әні орындалып,салт-дәстүріміз бойынша шашу шашылды. №21 жалпы білім беретін мектеп атындағы орта мектепте «Қазақстан халқы тілдері» күніне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара
«Қазақстан халқы тілдері күніне»  орай өткізілген «Тіл – әр ұлттың ең асыл қазынасы!»  атты  мерекелік  іс – шара