«Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану» Жаратылыстану бағыты пәндері әдістемелік айлығының ашылуы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану» Жаратылыстану бағыты пәндері әдістемелік айлығының ашылуы
01
октябрь
2025

«Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану» Жаратылыстану бағыты пәндері әдістемелік айлығының ашылуы

№21 жалпы орта білім беретін мектептебінде ағымдағы жылдың 1  қазан күні жаратылыстану бағыты пәндері бірлестігінің әдістемелік айлығының ашылуы өткізілді. Айлықтың тақырыбы: «Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда жасанды интеллектіні пайдалану»
       Мақсаты: Жаратылыстану бағытына кіретін пәндерді оқыту үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқу сапасын арттыру және оқу мақсаттарына жетудің жаңа тәсілдерін енгізу.
       Іс- шара барысында пән мұғалімдері жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін, оны сабақ үдерісінде қолданудың тиімді жолдарын таныстырды. Сонымен қатар, заманауи цифрлық платформалар мен оқу бағдарламаларының артықшылықтары жөнінде ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен және тың идеяларымен бөлісті.
        Айлық барысында барлық оқушылар мен ұстаздардың белсенді қатысып, өз идеяларын ұсынуы мен шығармашылық көзқарастарын танытуы күтіледі.  Бұл — білім сапасын арттыру мен инновациялық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды бастама.