"Буллингтен қорған" » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Буллингтен қорған"
19
январь
2026

"Буллингтен қорған"

2026 жылғы 15 қаңтар күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қаңтар айындағы «Заң және тәртіп» айлығы барысында 9–11 сынып оқушылары арасында мобильді топ мүшелерімен кездесу өткізілді.Іс-шара «ДОСБОЛLIKE» жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасы және «Буллингтен қорған!» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып, «Жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық, қысым көрсету, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбын қамтыды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылар арасында буллингтің, зорлық-зомбылықтың, психологиялық және физикалық қысым көрсетудің алдын алу, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушыларға буллинг, әлімжеттік, бопсалау ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар, қиын жағдайларда өз құқықтарын қорғау жолдары, көмекке жүгіну тетіктері және сенім қызметтерінің жұмысы таныстырылды.
Кездесу интерактивті форматта өткізіліп, пікір алмасу мен сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қатысты өз ойларымен бөлісті.
Аталған іс-шара жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға өз ықпалын тигізді.
ДҚТЖО Ж.Ж.Жакипбекова