“Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі” » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі”
27
ноябрь
2025

“Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі”

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні 10–11 сынып ата-аналарымен АПҚО-ның “Бала қауіпсіздігі” бағдарламасы аясында  “Цифрлық әлемдегі жасөспірімнің қауіпсіздігі мен жауапкершілігі” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – ата-аналарды онлайн ортадағы қауіпті жағдайлармен таныстыру, жасөспірімдерді қорғаудың тиімді жолдарын талқылау және цифрлық сауаттылықты арттыру болды.
Шара барысында желідегі тәуекелдер, кибербуллинг, жеке деректерді қорғау, жасөспірімнің интернеттегі жауапкершілігі жөнінде маңызды ақпараттар беріліп, топтық жұмыстар жүргізілді.