
2026 жылдың 27 сәуір күні №21 жалпы орта білім беретін мектебінде :" Нәтижелі сабақ - Теория.Талдау. Сапа ". аудандық және мектепішілік жоспарға сәйкес жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру , оларға әдістемелік көмек көрсету, шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында :" Жас маман - 2026 " байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған байқауға еңбек өтілі 1-3 жыл аралығындағы 8 жас маман қатысты. Байқау келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырылды: 1. Сапалы , нәтижелі ашық сабақ көрсету; 2. Креативті таныстыру; 3. Шығармашылық өнер ; 4. Қорытынды.Байқау барысында жас педагогтері заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып , инновациялық идеялары мен заманауи оқыту тәсілдерін қолданып , өз пәндері бойынша сабақ өткізіп , әдістемелік шеберліктерін көрсетіп, жеке ұстанымдарын ұсынды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың педагогикалық шеберлігін, сабақ беру әдістемесін, шығармашылық ізденісін және жас мамандарымыздың тиімді қарым- қатынас жасау қабілетін бағалады.

Мектеп директоры - Эльмира Алтынбекқызы Бекжанова мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары - Балжан Шленқызы Жандарова барлық қатысушы жас мамандарды құттықтап , оларға білім ,тәрбие мен кәсіби дағдыларын бағындыруда шығармашылық шабыт , толағай табыс , әрбір бастамаларына сәттілік тілеп, өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.