«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»
19
март
2022

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

2022 жылдың 18 наурыз күні  № 21 жалпы орта білім бертін мектебінде мектеп ұжымымен  «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты кезекті Жолдауын талқылау мақсатында  жиналыс өтті. Мектеп директоры Э.Бекжанова жиынды ашып, Президент Жолдауының мазмұнының тереңдігіне тоқталды. Сондай-ақ, бұл Жолдаудың өз ерекшелігі бар екендігін айтып, Жаңа Қазақстанды құруда Президентіміз саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған он негізгі реформалар тізбегін ұсынғаны жөнінде де айтты. Сонымен қатар, тарих пәні мұғалімдері С.Кайрбеков, Б.Иманбеков өз пікірлерін білдіріп осы Жолдаудың мән-маңызы  айрықша болғандығын, оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмей, ауқымы кең, мазмұны да  бөлек екендігіне тоқталды.  Әсіресе халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келгенде  жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінгенін атап айтты. Мектеп директоры Э.Бекжанова Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына қойған міндеттерін орындау жолында мектеп ұжымын өз еңбектері арқылы қолдау білдіруге шақырды.