01
сентябрь
2022
Ерте жүктіліктің алдын алу
№21 ЖОББ мектебінде кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің , жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы Б.Дауренбеков жоғарғы сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Жұмыстың басты мақсаты - кәмелет жасқа толмағандар арасында ерте жүктілікті болдырмау және адамгершілік- жыныстық тәрбие беру жұмысын жандандыру. Ерте жүктіліктің алдын алу және білім алушылардың тәрбиесі бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Э.Тайбекова сұхбат барысында отбасын жоспарлау, қыздарды болашақ отбасы өміріне дайындау, отбасы өмірінің мәдениетін қалыптастыруға, толыққанды репродуктивті денсаулықты сақтауға және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелерін қозғады.


