03
апрель
2023
«Бастауыш – білім негізі» атты айлығының салтанатты ашылуы
№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде 03.04.2023 жылы бастауыш сынып «Бастауыш – білім негізі» атты айлығының салтанатты ашылуы өтті.
Мақсаты: - оқу- тәрбие процесіне қазіргі педагогикалық технологияларын енгізу арқылы мұғалімдерді ғылыми – әдістемелік шығармашылық ізденістерін арттыру; - мұғалімлердің кәсіби біліктілігін, шығармашылық шеберлігін дамыту.
Ай бойы ашық сабақтар, «Әр қашан күн сөнбесін» сурет көрмесі, «Отанымды сүйемін» мәнерлеп оқу байқауы, «Үздік дәптер» көрмесі, т.б. іс-шаралар жоспарланды. Айлық 3 сәуір мен 28 сәуір аралығында өтеді.