29
апрель
2021
«Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында оқыту семинары
№21 жалпы орта білім беретін жетекші мектебінде «Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Оқыту семинарына №21, 8, 3 жалпы орта білім беру мектептерінің және №25 бастауыш мектеп педагогтары қатысты. Оқыту семинарын мектеп директоры Э.Бекжанова ашып «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - заман талабы» тақырыбында баяндама жасады.
Оқыту семинарын ПШО Тараз қаласындағы филиалының менеджері Тортаева Гульмира Балтабаевна «Оқу сауаттылығын қалыптастыруға арналған тапсырмалар» тақырыбындағы шеберлік сыныбымен жалғастырды. Гульмира Балтабаевна ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап ететіндігі туралы нақты және жан-жақты қарастырып айтып өтті. 



Физика пәні мұғалімі Ж.Тойымбекова «PISA» халықаралық зерттеу тапсырмаларын білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзіреттілігін дамытудағы маңызы», биология пәні мұғалімі Л.Нуриева «Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылардың ғылыми сауаттылықтарын, сыни ойлау дағдыларын дамыту» тақырыптарында онлайн – таныстырылым жасады.
Математика пәнінің мұғалімі З.Домасбекова «Развитие функциональной грамотности учащихся на уроках математики» тақырыбында шығармашылық сынып, информатика пәнінің мұғалімі Г.Шляхова «Функциональная грамотность в преподавании уроков информатики» тақырыбындағы виртуалды саяхатжұмысын көрсетті. жетекші мектеп үйлестірушісі А.Джелдикбаева семинар жұмысын қорытындылап, кері байланыс жүргізді. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, білім сапасын, педагогтардың біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, шығармашылықтарын дамыту мақсатында өткізілген оқыту семинары жоғары деңгейде өтті. 


