Тәрбие есебі 2024-2025 » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2024

Тәрбие есебі 2024-2025

Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің    №21  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі






                                             2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жұмысының I-тоқсан

есебі



















                                                                      Андас батыр ауылы -2024ж


 

2024-2025 оқу жылында I-тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысы

   Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта  іске асырылды. Тәрбие жүйесінің мақсаты – білім алушыларды тәрбиелеу бағдарламасы шеңберіндегі әр түрлі іс-әрекеттерінің мазмұнын кіріктіру тәрбие беру мұраттары мен құндылықтары негізінде жүзеге асырылып, білім алушылардың жеке тұлғалық сапалығы, Қазақстан патриоттылығы, жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру, тәрбие жүйесінде жас ұрпақты Отанға, халқына, елі мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, бойына сіңіріп, қалыптастыру өте маңызды  орын алады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды. Мектептегі тәрбие жүйесі жеке тұлғаға тиімді және мақсатты құрылған тәрбие үрдісінің бір бөлігі. Тәрбие жүйесінің құрылымы: сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, балалар мен жасөспірімдер ұйымы, ұлдармен, қыздармен жұмыс, психологиялық қызмет, әлеуметтік көмек, кітапханалық қызмет, құқықтық кеңес, үйірмелер, бағыттарымен жұмыс атқарылды. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты  қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін: жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру тәрбиенің әдістемелік негіздері мен қағидаттарын қамтылған түсінік пен танымнан құралған.

Мектепте2024-2025оқу жылында оқушы саны-840 

2024-2025 жылда  көп балалы отбасы бала саны-380 , жетім отбасы саны - 1, аз қамтылған отбасы саны- 36. Жайсыз отбасы-1, өгей әкемен тұратын оқушы саны-10, өгей шешемен тұратын -4  екендігі анықталды.

Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу»

    Мақсаты: Ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан және физикалық дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 

Биылғы 2024– 2025 оқу жылында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» Мемлекет басшысы Қ.Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың “Адал адам- Адал еңбек -Адал табыс”атты екінші отырысындағы тапсырмасына сәйкес 2023жылы “Біртұтас тәрбие”бағдарламасын әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасы “Әділетті Қазақстан -Адал  азамат -Озық ойлы ұлт” деген ұштаған ұғым арқылы сипаттады.Үштаған бір бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар,ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен :дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды..Бұл “Біртұтас тәрбие”бағдарламасының басты идеясына айналды.

Бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм,парасаттылық пен адалдық,ар-ұждан,рухани адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген,үйлесімді  дамыған тұлға қалыптастыру

Міндеттері: Рухани адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

Отанға ,өз халқына,оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

Әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету; білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал  айын;қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны:

Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Ай сайын өткізілетін тұрақты іс шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс;

Қыркүйек -еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы- тәуелсіздік жіне отаншылдық айы;

Қараша  айы-әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан- бірлік және ынтымақ айы;

Ақпан -жасампаздық және жаңашылдық айы:

Наурыз -тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Мамыр -бірлік және ынтымақ айы.

  Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

1.Ата-анасын сыйлайды,  перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «Жеті ата», «Тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

2.Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды. 

3.Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4.Жа мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай күйін басқарады.

5 Тұратын үйін, ауласын, ауданын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды 

Тәрбиенің  мәні-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау. 

  Құндылықтар адамның белгілі бір әрекет етуге деген тұрақты сенімін білдіреді және жеке адамның да, бүкіл қоғамның да  өркендеуінің негізі болып табылады. Құндылық білім алушының өмірлік ұстанымына, іс-әрекетіне, мінез-құлқына, дүниетанымына және этикалық нормаларды сақтауына әсер етеді.   

Құндылық:Тәуелсіздік және отаншылдық

Құзіреттілік:ұлттық мүддені дамыту.Қазақстан азаматтарының міндеттерін орындауға,өз елінің мүдделері мен құндылықтарын қорғауға дайын болу.

Құндылық:бірлік және ынтымақ

Құзіреттілік:тиімді коммуникация

Негізгі орта мектеп түлегі:

Қоғамдағы әлеуметтік нормалары,ережелерді білу және түсіну;

сенімді қарым қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;

Жобаларға қатысу;тек қзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін жауапты болуға дайын болу;

Құндылық:әділдік және жауапкершілік 

Құзіреттілік:қоғамға қызмет

Негізгі орта мектеп түлегі:

өз әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;әдеп нормасына сәйкес өзінің және басқалардың іс әрекеттерін талдау;оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

Құндылық:заң және тәртіп

Құзіреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Негізгі орта мектеп түлегі:

Құқықтық жүйе мен адам құқығы негіздерін білу;тәртіп пен әділдік,нормалар мен ережелерді сақтау қажеттілігін түсіну;

Қоғамды қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі заң мен тәртіптің маңыздылығын білу.

Құндылық:еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзіреттілік:инновациялық ойлау

Құндылық:жасампаздық және жаңашылдық

Құзіреттілік:шығармашылық

Негізгі орта мектеп түлегі:өз бетінше жобаларды іске асыру; бақылау, өлшеу, эксперементтер  мен тәжірибелер жүргізу;


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сынып жетекшілерді нормативті құжаттармен, нұсқаулық хаттармен таныстыру (2024-2025 ӘНХ)

2. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтары мен жобаларымен таныстыру 

3.Сынып жетекшілерді тағайындау- бекіту, сапалық құрамын жасақтау, жас жетекшілерге тәлімгер бекіту

4.Cынып жетекшіге әдістемелік көмек беру 

5.Жылдық жоспарларын бекіту

6.Сынып кабинеттерін бөлу, сынып бөлмелерінің жабдықталуын, үйлесімін қадағалау, сынып паспортын бекіту

7. «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру

8.Оқушылардың әлеуметтік паспортын бекіту

9. Мектептің ата аналармен келісім шартын, мектептің ішкі тәртібін бекіту.

10.Оқушылардың ыстық тамақпен ұйымдастыруын қамтамасыз ету

11.Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.

12.Әлеуметтік көмекті қажет ететін балалармен жүргізілетін, әлеуметтік қызметтің жағдайының   ұйымдастырылуын бақылау.

13. Әлеуметтік көмекті қажет ететін жанұяның балаларын оқулықпен қамтамасыз ету

14. Жекелей және топтық кеңестер құру.

15. Сынып жетекшілердің тәрбие жоспарының құрылымын жүйелеу.

16.1-қыркүйек Білім күнін ұйымдастыру 

Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті 

• «Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды 

• «Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан   тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйек сөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады. 

• «Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу 

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. 

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі. 

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу 

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.

Қыркүйек- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айында атқарылған іс шаралар:

"Төрт тоқсан- төрт өнер" ұлттық мәдени- ағартушылық жобасы аясында күнделікті  іс шаралар атқарылды.

«Заң және тәртіп» құндылығы бойынша мектепте 2-13 қыркүйек аралығында жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен "Жол ережесінің қауіпсіздігі" тақырыбында онкүндік өтті. АПБ қызметкерлерінің қатысуымен «Қауіпсіз жол», «Сақ бол жолаушы» тақырыбында Меркі АПБ көші қон қызметінің аға инспекторы полиция майоры Е. Даулетбаев жоғары сынып білім алушыларына жол қозғалысының ережелері мен оның қауіпсіздігі жайында түсіндіру жұмыстары,  сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді.

«Смартфонсыз сабақ пен үзіліс» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оқу кабинеттеріне телефонға арналған жәшіктер орнатылды.

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында мектепте ата-аналар және  педұжыммен жиналыстар өткізілді.


https://www.facebook.com/andasbaty .21mektep/posts/pfbid0YnnogDjx3

aWVBMJiwx8svs1BxMwAz43k76vjTpZDZPupu8crQ3KqpQvdTfT1Z791l

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0QKzznfbsnukdNtz2G2CPtSg

2gkHtXYUPnxVaZ6nb9Q4HeHYFnRxwU9HA9Vi7RKtnl

1 қыркүйек- «Білім күні»1а,ә,б,в, 11а,ә,б,в  сыныптарына   арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. “Мектеп-мейірім мекені!”тақырыбында сынып сағаттар өткізілді..5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Тіл мәртебесін – ұлықтайық” қыркүйектің 1аптасында гуманитарлық цикл  пәндер мұғалімдері ұйымдастырды.Атқарылған жұмыстардың бейнероликтерін білім басқармасының сайттарына әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Қыркүйектің екінші жексенбісі-Отбасы күніне арналған “Отбасы-тәрбиенің бесігі”атты тәрбие сағаттары, «Отбасы бақыт мекені» атты фотоколлаж көрмесі ұйымдастырылды. "Тоғызқұмалақ күні" аясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдай отырып, тоғызқұмалақ ойыны өткізілді, "Бұрымды қыз" челленджі, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастырылды – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б. Кітапханашылары Наурызбай А.Б мен Ксенбаева А.К «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» тақырыбында кітаптар керуенін ұйымдастырды

Жоғары сынып оқушыларын Отанын қорғауға дайын болу, халық пен мемлекеттің егемендігі мен қадір-қасиетін дәлелді түрде қорғай білуге үйрету мақсатында ҚР ҰҚҚ ШҚ Жамбыл облысы бойынша Департаменті Меркі ауданы бойынша шекара басқармасы «Сыпатай батыр» шекара бақылау бөлімінің офицерлері лейтенант Дүйсен Жасым Әбдінұрұлы және Усенов Бағдәулет Казиұлымен кездесу өткізілді. 

  Қыркүйектің үшінші жексенбісі-Аналар күніне орай “Анаға тағзым”атты мерекелік іс шаралар өткізілді «Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуін сынып жетекшілер ұйымдастырды. 

Қыркүйектің соңғы жексенбі-Еңбек күніне байланысты жоспар құрылып түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып,өткізіліді. “Еңбекорлық және кәсіби біліктілік” құндылығы аясында сынып сағаттар өткізілді.”Еңбегі адал- жас өрен”жобасын жүзеге асыру бағытында “Адал еңбек-өмірдің құндылығы”тақырыбында тәрбие сағаты өтті, 7-8сынып білім алушылар арасында “Еңбекте батырлар туады”эссе байқауы өткізілді. "Менің жетістігім – менің нәтижем" деген тақырыпта пікірсайыс өткізілді.

«Еңбек түбі – береке» атты бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Бұл шараның мақсаты – еңбекқорлықтың және тынымсыз еңбектің кәсіпкерлік саласындағы маңыздылығын көрсету, қатысушыларға табысты бизнес құру жолындағы құнды кеңестер беру.

26 қыркүйек күні мектепте «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жасөспірімдер арасында отаншылдық және кәсіби біліктілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында “Сыпатай батыр” (автокөліктік) шекаралық бақылау бөлімінің офицері лейтенант Ж. Дүйсенмен “Раджан Батыркановтың ерлігі” тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында С.Дарханбаев «Қазіргі қоғамдағы еңбек адамы» тақырыбында әңгіме жүргізді. Іс шара соңында 11 сынып оқушылары ҚР ҰҚК шекара қызметі , мамандықтар туралы көптеген мағлұматтар алды.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02uYjxGMKfnMewyTfFXL4paBJ3xGTg4ETNvREPFnp6yAeAqxZGQoN1PExG2XVbdWVfl

 Аудандық "|Әуезов оқуларында" "Мұхтар Әуезовтің рухани шәкірттері" бағыты бойынша,11-сынып оқушысы Назарбек Исламбек 1-орын иеленді, "Әузов мұрасы-ұлт қазынасы" бағыты бойынша,10-сынып оқушысы Назарбек Ұлмекен 3-орын иеленді,  "Әуезов әлемі" бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Өзібек Аяжан 2-орын иеленеді.

Апта сайынғы әр сынып сағатының соңында немесе басында 10 минут қауіпсіздік сабақтарына арналады.

Қазан  айы- Тәуелсіздік және отаншылдық айы.

  1. қазан-Халықаралық қарттар   күніне орай жоспарланған іс- шаралар   өз уақытында ұйымдастырылып, өткізілді. 1 қазан қарттар күніне орай “Қарты бар ел- қазыналы ел” атты кездесу өткізілді.« Қарттарым аман -сау жүрсін» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. "Ардагерлерді ардақтайық" тақырыбында 8 сынып оқушылары челлендж ұйымдастырды. Қарттарымызға, олардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне сый-құрмет көрсету мақсатында мектепің 6 сынып оқушылары зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстазбен еңбек жолы жайында сұхбат жүргізіп, аула тазалауға көмек көрсетті.
  2. қазан-Мұғалімдер күніне орай 1-қазан күні 8-11 сынып арасында,"Мектебің алтын ұя жарқыраған,Ұстазың -бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында эссе байқауы өтті, "Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін" тақырыбында ұстаздар мерекесіне оқушылардан құттықтау арнады. "Өз ұстазыңды құттықта!" «Даналық ұстаздан!» тақырыбында челлендж ұйымдастырды. Мектептің шетелдегі жоғары оқу орындарында оқитын түлектері 
  3. ұстаздарын кәсіби мерекесімен құттықтады. 11 сыныптарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды. Мектептің ұстаздарының құрметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Дублер”күні өткізілді. 

«Күзгі асар» атты жәрмеңкесі ұйымдастырылды.



11- қазан күні Фариза Оңғарсынованың мерейтойына орай ."Әкеме", "Өлең, мен сені аялап өтем..." шығармасын мәнерлеп оқу, "Елінің еңлік гүлі" тақырыбында эссе байқауы, "Фариза Оңғарсынованың поэзиясы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жетекшісі: Наметкулова Гульжан Нурлановна қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

https://www.facebook.com/share/v/RoNP7RMFCHZqrNu9/?mibextid=WC7FNe

https://www.facebook.com/share/v/WLedtsNsuXKxZeNZ/?mibextid=WC7FNe

        https://www.facebook.com/share/p/ysN3iarxXczJp5dG/




11-сынып білім алушыларымен Фариза Оңғарсынованың мерейтойына байланысты жоспарға сай 16-қазан күні "Елінің еңлік гүлі" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Білім алушылар ақынның шығармаларын жан-жақты талдай отырып,эссе талаптарын сақтай отырып,талапқа сай жазды.Үздік эссе жұмыстары бағаланып, жүлделі орындарға ие болды.Атап айтсақ,Асқар Ариана,Тұрсыналы Мерейлім,Тұрғынбек Мадина,Батырхан Зере,Аубакир Қуаныш,Джолдаухан Аяулым,Кесекбай Айнат деген білім алушылардың жұмыстары жоғары деңгейде бағаланды. Жауапты педагог: Наурызбаева Зарина Нурланбековна.

   https://www.facebook.com/share/p/xuXjK5QRzvvNSRdF/


       «Жыр падишасы Фариза» тақырыбында 8-сынып оқушысы Тоқтар Аяна ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында буктрейлер дайындады. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова А.Т. Жоспарға сәйкес,  5 - сынып білім алушыларымен , Фариза Оңғарсынованың мерейтойына байланысты,"Қазақтың ақын қызының өмір жолы" тақырыбында танымдық сабақ өтті.Білім алушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет алып, ойларын еркін айтты.Сынып жетекшісі:Алхожаева Н.Қ.

https://www.facebook.com/share/p/qiH9AC9PLgQcfCM2


"Қазақтың ақын қызының өмір жолы" тақырыбында танымдық сабақ өттіЖазушы, драматург Роза Мұқанованың 60 жылдық мерейтойына орай  «Жазушының сырлы әлемі" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. "Жас талап "үйірмесінің оқушылары жазушы-драматург Роза Мұқанованың 60жылдық мерейтойына арнап"Өміршең шығарма "атты әдеби кешін өткізді. 


https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0ZXqcXDPYeEz2Ay1Z4msMkZLCsm2fc6tzXuEXnn71fJ7jZDh8zHctMwYpcjSAw2LYl  

К.Сатпаевтың  125жылдығына  орай «Имя его навека, величие академика К. Сатпаева» атты танымдық сабақ өткізілді. "Рейхстагқа тігілген ту" тақырыбында мектепте тәрбие сағаттары өткізілді.

 "Кел, дос болайық!" акциясы аясында тақырыптық тәрбие сағаттары, акция, ата аналармен кездесу өткізілді. «ДосLike» жобасы аясында мектеп психологы А. Назаркулова 5 сынып оқушыларымен достық қарым-қатынас пен бір-біріне деген сыйластығын, көзқарастарын дұрыс қалыптастыру мақсатында тренингтік жаттығу өткізді. «Баланың интернеттегі қауіпсіздігі»   жайында сынып жетекшілер ата аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізді. "Интернеттің сенің өміріңе беретін әсері қандай?" атты кездесу өтті. “Кел дос болайық” акциясы аясында білім алушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату, достық сезімдерін дамуына ықпал ету мақсатында мектеп психологтары  9-11  сынып оқушылары арасында сынып білім оқушыларымен “Достық - татулықтан басталады”, “Достық шеңбері”  тақырыптарында психологиялық тренинг өткізді. « Дос болайық” тақырыбында кіші футболдан мектепшілік турнир өткізілді. "Интернетсіз өмір" тақырыбында 10-сыныптар арасында челлендж өткізілді.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0fG9rDM8vAXtkJyUpGVZsjPzE4ukQCPVCMaDkYfLVM8TqWCTstWrjwti44U8ujxUsl


Әлемді билеген интернет” тақырыбындағы интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 30 қазан күні мектепішілік ата-аналар жиналысында “ Ғаламтор әлеміне қауіпсіз саяхат” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіпжаднама таратылдыЖауапты мектеп психологтарыАНазаркулова мен ЖКикбаева


 Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;
 өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында 
мектеп ұжымдары мен ата-аналарға арналған дәрістер кестесі жасалды. 14 қазан күні   «Балалардың достығы - ата-ананың білуі маңызды» тақырыбында 8 сынып ата аналар, жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында «Баланы мектепте дос болуға қалай үйрету керек?» тақырыбында пікіралмасу жүргізілді, кеңестер берілді.Ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.



http://21-merki.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1474-balalardy-dostyy-ata-anany-blu-mayzdy-tayrybynda-kezdesu.html

Ата - аналарды қолдау орталығының жоспары аясында “ Ұйқы және психикалық денсаулық” тақырыбында ата- аналармен семинар сабақтар өткізілді. Мақсаты: Жасөспірімнің психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата- аналардың ұйқыға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Сабақ барысында ұйқының маңызы және адам денсаулығына тигізетін әсері жайлы кеңінен айтылды. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында ұйқысыздық белең алуда. Оның бірден - бір себебі- гаджеттерді жиі қолдану. Гаджетті тиімді пайдалану режимі ұсынылды. Сонымен қатар, ата- аналар “ Салауатты ұйқы” жобасын өздері топта талқылап ұсынды

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0CE8KXGCjyq8WJsrA5WMBmETFnHZqLRTjm44n1KTRMgXNeKv1N1GhmhExBsAt1PUnl

  24 қазан күні  «Даналық мектебі» шеңбері аясында 5-9 сыныптың  әкелер қауымымен :" Әке болудың кілті өз қолыңызда! "   тақырыпта кездесу ұйымдастырып, өткізілді.Мақсаты : Әкелердің отбасындағы, қоғамдағы рөлінің зор екендігіне, отбасы тәрбиесінде әке жолының ерекше екендігін ұғындыру барысында мектептегі тәрбие мәселелері мен мектеп өміріне де ат салысуға шақыру. Іс - шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер қауымы , ата- аналар қатысты. Іс шара барысында әкелер қауымымен түрлі жаңа, қызықты әдістер арқылы бала тәрбиесінде әкеның рөлі зор екендігі туралы айтылып, бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт-бағдар беру және жалпы бала тәрбиесіндегі қыр-сырларымен бөлісті. Сонымен қатар, кездесу барысында әкелердің бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңыздылығы арттырылып , балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы қарастырылды. Барлық әкелер қауымы белсенді қатысып, өздерінің ойларымен бөлісті.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02EQUtXHtiqFxBsNzavKBVjRFELPcyFd2egBm3QMmRV788oNeZenRKfd6AxaD3ZUT6l


  24 қазан күні Меркі ауданы бойынша Шекара басқармасына қарасты “Сыпатай батыр” шеқаралық бақылау бөлімінің офицері лейтенант Баймукашев А.,оқушыларымен "Жас шекарашылар" әскери - патриоттық бағдарламасының аясында ҚР ҰҚК ШҚ құрылу тарихы мен және ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу жайлы сұхбат өткізді.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid02uYjxGMKfnMewyTfFXL4paBJ3xGTg4ETNvREPFnp6yAeAqxZGQoN1PExG2XVbdWVfl


25 қазан-Республика күніне орай іс- шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша іс шаралар атқаралды. 25-қазан Республика күніне орай "Менің елім- Қазақстан" тақырыбында кітапханашылар Наурызбай А.Б,Әбдірахман Н.М кітаптар көрмесін өткізді. 4 б сынып оқушыларына елеулі күннің маңыздылығы түсіндіріліп, патриоттық бағыттағы баяндама жасалды. "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында 2024 жылдың қазан айының 23-күні білім алушылары арасында отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында "Әнұран айту" челленджі ұйымдастырылып өткізілді. Отанын сүйетін ұлтжанды,еліміздің рәміздерін құрметтейтін, жаны таза, адамгершілігі мол нағыз азаматты қалыптастыру көзделді.


https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid049HdhyVAesCGuTxMeLfun3diJdaxVSFNMvUCb9gD4KWiMeQ3Dgn1ekTdV7WJMniTl

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні сағат 11.00де Республика күніне орай бірыңғай гимн орындалды. Бұл іс шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін атап өтуге арналған маңызды мемлекеттік мереке . Гимнді бірыңғай орындау –білім алушыларды патриоттық сезімдерге, бірлікке шақыратын рәсім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету мен ұлттық рухты дәріптеу мақсатында өткізілді.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/videos/8506953022687087/


  Қыркүйек-қазан айларында «Ақындар айтысы» жобасы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. 24 қазан күні #Төрт тоқсан-төрт өнер# ұлттық мәдени-ағартушылық жоба аясында "Айтыс-2024" ақындар айтысының қорытынды сайысы өткізілді! Қатысушыларды марапаттап,жеңімпаз анықталды! Мақсаты: Талантты әрі дарынды жастарды қолдау, өскелең ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастыру, олардың болашаққа деген қабілетін ынталандыру.

https://www.facebook.com/andasbatyr.21mektep/posts/pfbid0386WyGvsnSKvBHCwpivLu4DSchWyv7gDetNp4CkN1ptArd9eJZUpBWPMLFXerWyzRl\

" Атамұра " ғылыми - әдістемелік журналы ұйымдастырған Республикалық " Бояулар құпиясы" Жас суретшілер байқауына мектептің  оқушылары Тұрсыналы А, Аманжан Т., Айдос А. , Аманбек А. қатысып I орын Диплом жүлделі орынмен марапатталды, жетекшісі: Джугусова Жазира Таубаевна.




Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Білім алушылардың қажеттіліктері мен бейімділіктерін анықтау негізінде және ата-аналармен әңгімелесулер жүргізу нәтижесінде үйірмелер анықталып, білім алушылар қызығушылықтары арқылы топтастырылып, білім алушының жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру,   мектепте   рухани-адамагершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік –эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыру мақсатында білім алушыларымыз аудандағы «Үміт» балалар  және жасөспірімдер сарайына,  аудандық спорт мектебіне қазақ күрес, дзюдо үйірмесіне қамтылған. Мектебімізде оқушылардың қызығушылығына қарай алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін ұстай алатын, өз ой-пікірін анық жеткізе алатын, өзіне сенімді, осынау өзгермелі заман ағымына жеңіл бейімделе алатын, салауатты өмір салтын ұстанантын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мақсатында  үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірме жетекшілерінің жылдық жұмыс жоспары жасалынып, бекітілген.  Үйірмеге қатысқан әрбір оқушы өз білімін шыңдап, қабілетін дамытып, шығармашылық қызығушылықтары мен бейімділіктерін арттырды.

Үйірмелер:

2024-2025 оқу жылындағы жалпы үйірме саны -10, қамтылған білім алушылар саны – 240.


 2024-2025оқу жылында №21жалпы орта білім беретін мектебіндегі 

Үйірме кестесі

Үйірменің атауы

Мұғалімі

 топ

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма 

1

«Ақиқат»  

Дебат клубы


Ботабекова А.Е.

І 


 1540-1625

1630-1715




ІІ 




1540-1625

1630-1715


2

«Денсаулық  және дұрыс тамақтану»

Бейсенова Б.А. 


І 


1200-1245

1250-1335




ІІ 




1200-1245

1250-1335


3

«Жас эколог»

Нуриева Л.Т.

І 



1200-1245

1250-1335



ІІ 





1200-1245

1250-1335

4

«Жас талап» театр үйірмесі

Абишева Н.И.

І 


  1200-1245

1250-1335




ІІ 




1500-1545

1550-1635



5


«Математика әлемі»

Ахметова Э.М.

І 


1215-1300


1215-1300


ІІ 



1215-1300


1215-1300


6


Роботехника

Карабалаев Н.Б.

І 



1120-1205

1210-1255



1120-1205

1210-1255

ІІ 

1120-1205

1210-1255



1120-1205

1210-1255



7

«Мәдениетті мобилограф»

Кикбаева Ж.Е.

І 


1400-1445

1400-1445



ІІ 




1400-1445

1400-1445

8

«Қыз Жібек» клубы

Есалиева А.А.

І 


1400-1445

1400-1445



ІІ 




1400-1445

1400-1445  

9

«Шебер қолдар»

Джугусова Ж.Т.

І 


1200-1245

1250-1335




ІІ 




1200-1245

1250-1335


10

Волейбл

Арыстанбек М.С.

І 

  1500-1545

1550-1635

  1500-1545

1550-1635




ІІ 

1640-1725

1730-1815

1640-1725

1730-1815




         2024-2025 оқу жылындағы үйірмелер (қосымша білім беру ұйымдары)

 Аудан атауы

Мектеп  атауы

Үйірме саны

Жүктемесі

Үйірме жүргізетін мұғалім аты жөні


Үйірме атауы

Ондағы бала саны


Меркі

20 cпортмектебі

1

0,5

Джанбосынов Б.Ж.

дзюдо

12



20 cпортмектебі

1

0,5

Кантарбаев А.Б.

қазақ күресі

12



«Аула» клубы

1

0,5

Арыстанбек М.

футбол

24



Мәдениет үйі

1

0,5

Телибекова А.

домбыра

8



20 cпортмектебі

1

1

Шымырбай Б.

Бокс

19








75

№21 жалпы орта білім беретін мектептен Оқушылар «Үміт» сарайына үйірмелерге қатысатын білім алушылар тізімі: 

Аты – жөні

Үйірмесі

Жетекшісі

1

Шабданбай Аяжан

«Зерде» қазақ тілі

М.Н.Колбаева

2

Алтынбек Рамина 

«Жас географ»

Ғ.Н.Бейсенбаева

«Достық – 2» ағылшын тілі

Г.А.Отарбаева

3

Алпысбай Нұрайым

«Флора-дизайн» флористика

М.К.Турекулова

4

Әлібек Ализа

«Флора-дизайн» флористика

М.К.Турекулова

5

Базарбай Адина

«Флора-дизайн» флористика

М.К.Турекулова

6

Ермек Айша 

«Флора-дизайн» флористика

М.К.Турекулова

7

Тұрсыналы Жансая

«Достық – 1» ағылшын

Атамкулова А

8

Шабденбай Аяжан

«Достық – 1» ағылшын

Атамкулова А

9

Аблез Ғазиз

«Қызықты математика»

Г.Н.Байгулиева

10

Қабылбек Бауыржан

«Қызықты математика»

Г.Н.Байгулиева

11

Бекзада Нұржігіт 

«Өлкетану» үйірмесі

А.Ж.Сыдықбекова

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

12

Ермекбай Мирас

«Өлкетану» үйірмесі

А.Ж.Сыдықбекова

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

13

Асанжан Темірхан

«Өлкетану» үйірмесі

А.Ж.Сыдықбекова

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

14

Болатбек Рамадан

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

15

Талғат Рамазан

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

16

Талғат Нұрислам

«Сиқырлы әлем» сурет

А.Е.Сраил

17

Олжабек Нұрасыл

«Үміт» вокал үйірмесі

Серікбай Дінмұхамед


ҚР БжҒМ №348 бұйрығының 2-қосымша, 2-тарауының 25 тармақшасына сәйкес   білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б)   практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында  1-4-сыныптарда  «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу курсы меңгеру қамтамасыз етілді. Оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда  «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде кіріктіріліп жүргізілуде.1-3 сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш мұғалімдері іске асырды. «Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны тұрмыстық жарақатты болдырмау жолдарын ескерту, оқушылар тәртібінің көшедегі және жолдағы ережесі, су қоймасы, от адамның досы және жауы,   табиғат, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған. Негізінен  білім алушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылуда. Атап айтар болсақ: 1. Радиоактивтік заттардың қалдықтарынан туындайтын апаттар 2. Радиоактивтік заттарды тастаудан болған апаттар 3. Гидродинамикалық апаттар 4. Адамның табиғатта жалғыз тұруы 5. Жер сілкінісі 6. Дауылдар, желдер және борандар 7. Мектеп жасындағы балалардың жарақат алуының және жарақат алған кездегі естен тануының алдын алу шаралары. 8. Жара мен жарақат алу және басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу 9. Қатты әсер ететін улы заттармен уланған кезде алғашқы медициналық көмек 10. Сырғымалар, селдер және опырылып құлаулар 11. Жара мен жарақат алу және басқа да келеңсіз жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету. 12. Жастардың денсаулығы және өмір сүру тұрпаты 13. Жаралану және жарақат алу және қайғылы жағдайлар кезіндегі алғашқы медициналық көмек  14. Жастардың денсаулығы және өмір сүру тұрпаты 15. Экология теңдігінің бұзылуы. 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен, 11-сыныпта 16 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен оқу процесі кезінде жүргізіледі. 10-11-сыныпта өмір қауіпсіздігі негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар  Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады. Төтенше  жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптастыру мақсатында «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні күнтізбелік жоспарына 12 сабақ кіріктіріліп, оқытылады:

 1.Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы 2.Ядролық қару және оның сипаттамасы 3. Химиялық қару. 4. Биологиялық (бактериологиялық) қару  5.Тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары 6. Теріні қорғаудың жеке құралдары 7.Ұжымдық қорғану құралдары 8.Эвакуациялау және бытыраңқы орналастыру  9.Террорлық қауіп-қатер кезіндегі тұрғындардың қауіпсіздігі 10.Табиғи апаттар ауданындағы тұрғындардың әрекеті 11. Жарақаттану, қанау және  күйгенде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек 12.Түрлі қайғылы оқиғалар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. 

  «ӨҚН» курсы 11-сыныпта да «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні күнтізбелік жоспарына 16 сабақ кіріктіріліп, оқытылады: 1.Қауіпсіздік негіздері және қауіптерді жіктеу 2. Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі. 3.Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі 4. Әртүрлі тұрмыстық жағдайларда жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету 5. Техногендік сипаттағы қауіптілік 6. Техногендік сипаттағы қауіптілік 7. Экологиялық қауіпсіздік 8. Табиғи жағдайда автономды өмір сүру 9. Табиғи жағдайда автономды өмір сүру 10. Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері 11. Криминогендік жағдайларда өзін-өзі қауіпсіз ұстау негіздері 12. Террористік акт қаупі кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету 13. Ақпараттық кеңістіктегі киберқауіпсіздік негіздері. 14 Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы көмек көрсету 15. Негізгі жұқпалы аурулар. Уланулар, интоксикация және олардың алдын алу 16. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету. Табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың, өрт қауіпсіздігінің алдын алу және олардан  қорғану мақсатында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.  Мектепішілік  сейсможаттығулар тоқсанына бір рет өткізіледі. 

Мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру аумағында 7, ғимарат ішінде -10 бейне камера орнатылды. интеграцияланған-4, асханада -2, спорт залда – 1.

    Қазіргі таңда барлық камералар жұмыс жасап тұр. Мектеп директорының бұйрығымен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік құрылып, бөгде адамдардың келмеуіне жол бермеу шаралары ұйымдастырылды.  Тіркеу журналдары енгізілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс – шаралар жоспары құрылып, Республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы өткізілді. Жалпы  қауіпсіздік сабақтары, ата -  аналар жиналысы өткізілді. Олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін орындар мен тұлғалар туралы ақпараттарды тіркеуге арналған журнал арналды,  Қауіпті аймақтарға ескертпелер ілінді.

        Мектепте  террористік әрекеттің алдын алу, мекеме объектісін және ондағы қызметкерлер мен білім алушылардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында арнайы өткізу режимі бойынша объектіге кірер есікте келушілерді вахтер құжаттары арқылы журналға тіркеп, олардың кіріп-шығуын бақылауға алады. «Террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорты» жасалынған. Сонымен қатар, қауіпсіздікті сақтау мақсатында  мектептің ішкі (ұлдар, қыздар) әжетханасы іске қосылған және әжетханада  кесте бойынша   кезекшілер бар.

    2022-2023 оқу жылында білім алушыларды   жолда жүру ережесімен таныстыру, жол қауіпсіздігін есте сақтауға, жол ережесінің белгілерімен таныстыру, жол белгілерін ажырату қабілетін дамыту, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында  "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру: Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген 1-8 сынып оқушыларына арналған «Жолда жүру ережесі» негіздері сабақтары сынып сағаттары есебінен 1-4-сыныптарда  әрбір сыныпта 6 сағаттан,  5-8-сыныптарда аталған оқу курсы  10 сағаттан тәрбие сағаттарына кіріктіріліп жүргізілді. Мектеп оқушыларына   «Жолда жүру ережелерін» оқыту мен үгіт-насихат  жұмыстарын    жүргізуде маңызды орын  алатын «Жол қозғалысының жас инспекторлары» жасақтары құрылып, білім алушыларға  үгіт-насихат жұмыстары,  жол белгілері, жол қозғалысы ережелері, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» интеллектуалдық сайыс, «Алғашқы медициналық көмек",  «Зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету дағдыларын меңгеру» тақырыптарында 1-11сынып білім алушыларымен тәжірибелік   сабақтар көрсетілді.  Балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында мектеп инспекторының қатысуымен "Велосипедпен жүру" және "Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ (жол жүру ережелері бойынша) әңгімелесулер,   «Жол жүру ережелерінің білгірлері» топтық жарыс, "Жүргізуші және жаяу жүргінші"  тақырыптарында тәрбие  сағаттары өткізілді. 

2023-2024 оқу жылы білім алушылардың өмір қауіпсіздігін, жолда жүру бойынша  дайындықтарын   ұйымдастыру, жолда келеңсіз   оқиғалардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы  Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығының 2-қосымша, 2- тарауының   26-тармақшасына сәйкес   «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда –  әр сыныпта 6 сағаттан: «Көше күтпеген оқиғаларға толы», «Жаяу жүргінші өтпелері», «Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам», «Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу», «Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды», «Білім алушылардың көшеде және жолдарда жүрудің негізгі ережелері», «Реттелмейтін жол қиылыстары», «Балалардың көшеде, жолда жүру ережелері», «Жол жүру белгілері және таңбалары», «Жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек», «Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері», «Темір жол өтпелері», «Жүргізушінің еңбегінің ерекшеліктері мен негізгі міндеттері». «Қазіргі заманғы көлік – жоғары қауіпті аймақ. Қоғамдық көлік» тақырыптары қамтылған, 5-8-сыныптарда әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі. Онда міндетті оқу курсы: «Көлік құралдарының қозғалысы. Көлік құралдарының аялдама жолдары»,   «Жол-көлік оқиғасы  уақытындағы оқушылардың мінез-құлқы»   «Жол қозғалысына қатысушылардың  құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері», «Көлік құралдарының аялдау және тұрақтау орындары», «Интервал және арақашықтық. Қозғалыс жылдамдығы» «Темір жол қиылысынан өту. Қала сыртындағы жолдарда   жүру ережелері», «Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің міндеттері мен жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілігі», «Бастауыш сынып оқушыларымен ЖЖЕ әңгімелесу» «Жолда жүру ережелері» «Жол жүру ережелерін білеміз бе?», «Білім алушылардың топпен және қатармен жүру ережелері», «Темір жол өтпелері», «Жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету біліктілігін арттыру»  тақырыптарында тәрбие  сабақтарына   кіріктіріліп өткізілді.

2024-2025 оқу жылында білім алушыларға«Жеке қауіпсіздік»тақырыбында сабақтар енгізілді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 31тамызындағы №748қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық -зомбылықтан  қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025жылдарға арналған кешенді жоспарының 20-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2024жылғы 18.09.269бұйрығының 1қосымшасы бойынша  “Жеке қауіпсіздік” сабақтарының тақырыптары енгііліп, әр сынып  сағаттың соңында 10минут     өткізіледі.

.