«Менің алғашқы зерттеу жұмысым» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Менің алғашқы зерттеу жұмысым»
19
ноябрь
2021

«Менің алғашқы зерттеу жұмысым»

«Менің алғашқы зерттеу жұмысым»

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу жұмысы тиімді болып табылады. Балалардың дарындылығын дамытудың басты құралы – ең алдымен зерттеушілік ізденіс, білуге деген құштарлық, бақылауға, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық болып табылады. Осыған орай, қараша айында мектепте 2-8 сынып білім алушылар арасында «Менің алғашқы зерттеу жұмысым» тақырыбында ғылыми жоба байқауы өткізілді. Байқауға 17 оқушы қатысты. Байқау барысында І орынды  - 2 оқушы, ІІ орынды – 2 оқушы, ІІІ орынды – 3 оқушы иеленді. Олар: 6 «а» сынып оқушысы Наби Еркежан «Математика күнделікті өмірдегі», жетекшісі Г.А.Касенова және 6 «б» сынып оқушысы Айдынқызы Айнара «Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы», жетекшісі Г.М.Босатова. ІІ орын: қазақ тілі мен әдебиеті пәні 7 «ә» сынып оқушысы Өзібек Аяжан «Әлеуметтік желілірдегі тіл мәдениетінің сақталу мәселелері», жетекшісі Сатыбалды М.К. мен орыс тілі мен әдебиеті пәні 7 «б» сынып оқушысы Нурбол Аймекен «Удивительный мир фразеологизмов», жетекшісі Хайтанова С.Ж. ІІІ орын: химия пәнінен 8 «А» сынып оқушысы Асқар Аруна «Металдардың қасиеті және қолданылуы», жетекшісі Алхожаева Н.К., 7 «а» сынып оқушысы Алтынбек Рамина «Плюсы и минусы sms- сообщений», жетекшісі М.М.Досмырзаева. 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, ғылыми жоба жұмысы шығармашыл білім алушыларды дамытудың бірден – бір жолы.