«Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?» сынып жетекшілерге арналған семинар коучинг » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?» сынып жетекшілерге арналған семинар коучинг
04
ноябрь
2022

«Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?» сынып жетекшілерге арналған семинар коучинг

Заманға лайық тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. 2022-2023 оқу жылының сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының  жаңа формалары, әдіс-тәсілдерімен бөлісу, сынып жетекшіге әдістемелік-практикалық көмек көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында  ДТІЖО Э. Тайбекованың ұйымдастыруымен сынып жетекшілерге арналған семинар коучинг өтті. Семинар коучинг түрінде өткізіліп, сынып жетекшілер қызығушылықтары бойынша топқа бөлінді. Коуч барысында 6" Ә" сынып жетекшісі З.Н.Наурызбаева  «Нағыз сынып жетекші қандай болу керек?» деген тақырыбында презентация жасап, мұғалімдердің қызығушылығын туғызды.  4 "Б" сынып жетекшісі Р.И.Исманова  «Бастауыш сыныпта тәрбие берудің ерекшеліктері» тақырыбында  сынып жетекшілермен іс- тәжірибелерімен бөлісті. Семинардың алғашқы бөлімі барысында сынып жетекшілер "Нағыз сынып жетекшісі қандай болу керек?" деген сауалға ассоциация құрып, постер қорғады. Тәжірибелі сынып жетекшілер ақыл-кеңестерін қоса айтып өтті. Сыныпта кездесетін мәселелердің шешу және алдын алу жұмыстарының тиімді жолдары талданды.Семинарға 1-11 сынып жетекшілері қатысты. Коучинг семинарға сынып жетекшілер белсене қатысып, үздік идеяларын көрсетті. Сондай ақ. сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге  бағыт -бағдар берілді.