Тамақтандырудың сапасына
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі «№21 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№ __117_ бұйрықтан көшірме
Андас батыр ауылы 31.08.2022 жыл
Тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №231 бұйрығының 1-қосымшасы 2-тарау 3-параграфының 109 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастыру және қадағалау мақсатында мектеп жанынан тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия құрылсын.
- Комиссия төменгі құрамда бекітілсін:
Э.А. Бекжанова -мектеп директоры комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері:
Б.Ч. Жандарова - директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
А.Назаркулова – мектептің ата –ана комитетінің төрайымы
П. Алкенова – 7 «ә» сынып ата –ана комитетінің төрайымы
А.Қаналы – мектептің медициналық қызметкері
Т.Т. Альжанов – қамқоршылық кеңесінің төрағасы
Э.Ахметова– әлеуметтік педагог
Э.Абдикулова – директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
А. Қуралбаева – 9 «ә» сынып ата –ана комитетінің төрайымы
- 2022-2023 оқу жылына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссияның жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілсін.
- Комиссия құрамымен тамақтану сапасына мониторинг ай сайын жүргізілсін.
- Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, тексеріс нәтижесі ай соңында комиссия отырысында қаралсын.
- Комиссия жұмысының қорытындысы тоқсан сайын педагогикалық кеңесте қаралып, ақпарат білім беру ұйымының интернет-ресурсына орналастырылсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
Мектеп директоры Э.А. Бекжанова