Моноторинг комиссия мүшелерінің тексеру жүргізілген жұмыстары туралы Ақпарат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Моноторинг комиссия мүшелерінің тексеру жүргізілген жұмыстары туралы Ақпарат
16
январь
2023

Моноторинг комиссия мүшелерінің тексеру жүргізілген жұмыстары туралы Ақпарат

     Мектепте қаңтар айында  мониторинг комиссия мүшелері асханаға тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында  асхана қызметкерлерінің киім үлгісі таза, талапқа сай болды.  Ас блогындағы тоңазытқыштардың іштері таза, термометр қойылған, сүт өнімдері және шикізат өнімдері дұрыс қойылып, тауар көршілестігі сақталған. Ауыз су дұрыс жолға қойылған, қайнатылған су арнайы су құрылғысындағы бөтелкеге құйылып,  кестеге сәйкес ауыстырылып тұрады. Асханадағы дайын тағам өнімдеріне  мектеп медбикелері органалептикалық бағалау күнделікті жүргізіп  отырады.

    Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп ілінген. Асхана қоймасындағы көкөністер дұрыс сақталған. Екі қолжуғыш қойылған, сусабын бар, қағаз сүлгі қойылған. Жалпы асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы сақталған, бірақ асхана ішіндедегі ас дайындағанда булану процесінен ас ішетін бөлменің қабырғалары көгергені анықталды. Осы мәселе бойынша аспазшыға және асханананың материалдық жағына жауапты жеке кәсіпкер Т.Қарабаевқа мониторинг комиссия мүшелері тарапынан  бірнеше рет қоңырау шалып   ескертулер берілді.