Мектептегі тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу туралы Ақпарат
Қаралатын орны: педагогикалық кеңес
Мерзімі: 04 қаңтар 2023 жыл
Мақсаты: Мектептегі ыстық тамақтың сапасына мониторинг жүргізу
Мектепте тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялары 19 желтоқсан күні мониторинг жүргізілді. Асханасында екінші тоқсан барысында 103 бала мемлекет тарапынан тегін ыстық тамақпен қамтылған. Осы білім алушылардың сапалы ыстық тамақпен қамтылуы үнемі комиссия мүшелері тарапынан бақылауға алынып отырды. Балалардың дұрыс тамақтануы үшін күнделікті мектеп медбикелері тарапынан қадағалауға алынған. Комиссия мүшелері:
- ас бологындағы, асхана жүмысын ұйымдастырылуын;
- тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізі, түсіру, сақтау шарттарын;
- өнімдердің өткізі мерзімдерін;
- тамақ дайындау сапасын;
- тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауына тексеріс жүргізілді. Медбике Г.Адильбекова күн сайын тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына оргонолептикалық бағалау жүргізіп, тамақтардың шығуын, дайындалған тамақтану бір реттік порция көлемін және балалар санына сәйкестігі тексеріп, бракераж журналдарына жазба енгізіп отырады.
Комиссия тарапынан аспазшылардың ас болгында тағамдардың дайындау технологиясы мен сапасына қойылатын талапты ұстануды қатаң бақылауға алған. Пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына бақылауды жүзеге асырып, қадағаланады. Күнделікті ас мәзірі дұрыс жасалғандығы тексеріліп, бекітіліп, ілінеді. Аспазшылардың киім үлгісі таза екендігі, жеткізілген тамақ өнімдерінің жарамдылығы, шикі зат өнімдерінің сертификаттарының бар болуы расталып тексеріліп отырады. Асханада білім алушыларға арнайы су ішетін кулер орнатылған, кулердің суы күнделікті ауыстырылып тұрады. Асхана қоймасында көкөністер мен азық – түліктер дайын арнайы жасалған сөрелерде сақталғанмен тауар көршілестігі дұрыс сақталмаған. Ас блогындағы тоңазытқыштардың ішіндегі азық түліктер дұрыс сақталған, іші таза, бірақ тоңазытқышта термометр жоқ. Қолжуғышта қағаз сүлгі қойылмаған. Асханада кеткен кемшіліктер туралы асханашы Ж.Жайлобаеваға ескертілді. Сондай – ақ асханада тиым салынған тағамдарды сатуға жол берілмейтіні айтылды. Жалпы мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде.
