5 сынып білім алушыларымен «Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» Рогов әдістемес
Профилактика және психологиялық ағарту бағыты аясында 5 сынып білім алушыларымен
«Өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» Рогов әдістемесі жүргізілгендігі туралы
Мерзімі: 19 наурыз 2024жыл
Әдістеме мақсаты: өзін сезінуі, белсенділігін, көңіл-күйін оперативті бағалау.
Қатысқандар: 5 «а, ә» сынып – 46 оқушы
Әдісі: әдістеме
Барысы: әдістеменің мәні зерттелінушіге көпдеңгейлі шкала бойынша өз жағдайын белгілеу және бұл шкала 3210123 индексінен тұрады. Бұл индекстер 30 жұп сөздер мен қарама-қарсы 30 сөздерінің ортасында орналасқан. Белсенділік, жылдамдылық, қозғалу қызметі; күш қуат, денсаулық өзін сезінуі; ал көңіл-күй эмоцианалды қалыпты сипаттайды. Әдістеме нұсқауы зерттелінуші қазіргі жағдайдағы қалпын кесте бойынша 30 белгілі арқылы бейнелейді. Тек қазіргі жағдайдағы қалыпқа сәйкес келетін, қарама-қарсы 30 жұптан тұратын белгілерден таңдап белгілейді. Деңгейіне байланысты көрінетін сандарды таңбалау керек.
Нәтижесінде: мәліметтерді өңдеуде, негативті жауаптарды есептегенде 1 балдан, позитивті жауаптарды есептегенде 7 балдан бағалайды. Алайда, шкала полюстары үнемі өзгеріп отырады, бірақ жағымды жақтары әрқашан жоғары балл, ал жағымсыз жақтары төмен балл жинайды. Алған балдар үш категориядағы кілтпен сәйкесінше топтастырылады да, әрбіреуі бөлек-бөлек есептелінеді. Алынған нәтиже әрбір категория бойынша 10-ға бөлінеді. Орта балл 4-ке тең. 4-тен жоғары баға зерттеушілердің сәтті жағдайына, ал 4-тен төмен болғанда керісінше сипатталынады. Орта баға 5,0-5,5 балл диапазонында болады
Шкала | 5 «а» сынып | 5 «ә» сынып |
Өзін сезінуі: 1, 2, 7, 8, 13, 14, 19, 20, 25, 26 | 24 оқушы өзін жақсы сезінеді жалпы жоғары көрсеткіш | 22 оқушы өзін жақсы сезінеді жалпы жоғары көрсеткіш |
Белсенділік: 3, 4, 9, 10, 15, 16, 21, 22, 27, 28 | Белсенділік сәтті, жағымды жақтары басым | Белсенділік сәтті, жағымды жақтары басым |
Көңіл-күй: 5, 6, 11, 12, 17, 18, 23, 24, 29, 30 | Көңіл күйлері жоғары деңгейде | Көңіл күйлері жоғары деңгейде |
Қорытынды: жалпы 5 «а,ә» сынып білім алушыларының жалпы өзін сезінуі, белсенділігі, көңіл-күйлері жақсы жоғары деңгейде екендігі анықталынды.