«Мінез-құлықтағы күрт өзгерістер» Ата-аналарға арналған жаднама
Ата-аналарға жаднамалар таратылғандығы туралы
ақпарат
Мерзімі: 20 қараша 2025ж
Мектеп ата-аналар жиналысы барысында «Мінез-құлықтағы күрт өзгерістер: ата-анаға ескерту сигналдары» тақырыбындағы психологиялық жаднама таратылды. Жаднамада баланың эмоционалдық жағдайындағы қауіпті белгілер, автодеструктивті мінез-құлықтың түрлері мен себептері, оны ерте анықтау жолдары және ата-аналарға арналған ұсыныстар көрсетілді.
Жаднама ата-аналарға балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қиындықтарды дер кезінде байқауға және қолдау көрсетуге арналды.
«Мінез-құлықтағы күрт өзгерістер»
Ата-аналарға арналған жаднама
Баланың психологиялық саулығын қолдау
-Балаңызды тыңдаңыз. Оның сезімдері мен ойларына мән беріңіз, үнемі пікірін сұрап отырыңыз.
- Сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсетіңіз. Бала өзін қауіпсіз әрі бағаланған сезінуі маңызды.
-Тұрақты күн тәртібін ұстаныңыз. Ұйқы, тамақтану, демалыс пен оқу уақыты қалыпты болсын.
-Үлгі болыңыз. Бала ата-анасының әрекетін қайталайды. Мәдениеттілік пен сабырлылық танытыңыз.
- Жағымды қолдау көрсетіңіз. Жетістігі үшін мадақтап, қателіктерді түсіністікпен түзетуге көмектесіңіз.
-Балаңызбен сапалы уақыт өткізіңіз. Бірге ойнау, оқу, серуендеу – қарым-қатынасты нығайтады.
- Тәртіп пен шекараны түсіндіріңіз. Қатаң емес, әділ талап қойыңыз.
-Эмоцияны басқаруға үйретіңіз. Ашу мен ренішті сөзбен білдіруді көрсетіңіз.
- Мектеппен байланыста болыңыз. Мұғалімдермен және психологпен тығыз қарым-қатынаста болыңыз.
- Мамандар көмегінен қашпаңыз. Мінез-құлқындағы күрт өзгеріс байқалса, дер кезінде психологқа жүгініңіз.