Материалы за 13.12.2021 » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 13.12.2021
«Тәуелсіз елім Қазақстан!» мерекелік кеш
13
декабрь
2021
«Тәуелсіз елім Қазақстан!» мерекелік кеш
№21 ЖОББ  мектебінде  13 желтоқсан күні «Тәуелсіз елім Қазақстан!» атты мерекелік кеш өтті .  Мақсаты: Школьникам еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға тәрбиелеу.  Мерекелік кешке  Андас батыр ауылдық округінің әкімі Д.М.Қожамберді , ақсақалдар алқасынан Б.Султанбаев, Э.Бирбаев, А.Алибаев , ауылдық клуб меңгерушісі А.Назаркулова қатысып, білім алушыларды мерекемен құттықтады.   «Тәуелсіздігімізге 30 жыл» атты
"Тәуелсіз елім - Қазақстан"  салтанатты қабылдау жиыны
13
декабрь
2021
"Тәуелсіз елім - Қазақстан" салтанатты қабылдау жиыны
2021 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының 10 жыл толуына орай мектебіміздің 4 "А", "Б" сынып оқушылары қабылданды.Барлығы 44 оқушы. 4 "А" сыныбынан Ермек Айзере, 4 "Б" сыныбынан Ералиев Нұрислам ант берді. Салтанатты жиынға мектеп директоры А.Э Бекжанова, Ауыл әкімі М.Д Қожамберді, зейнеткер ұстаз А.А Алибаев және ата-аналар қатысты. Мектеп директоры үздік оқушыларды сертификатпен марапаттады. 
" Қазақстан- туған өлкем " атты шығармалар байқауы
13
декабрь
2021
" Қазақстан- туған өлкем " атты шығармалар байқауы
№21 Жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш 4 сынып білім алушылары арасында " Қазақстан- туған өлкем " атты шығармалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Бастауыш сынып білім алушыларының бойында көркем шығарманы оқу арқылы дүниетанымдық көзқарасымен шығарма жазуға баулу. Байқаудың қорытындысы бойынша 4 сынып білім алушылары І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Нұрқияс Темірлан, Болатбек Хадиша аудандық кезеңге жолдама алды.