«Олар біздің мектепте оқыды» тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу
2026 жылдың 12 қаңтар күні №21 ЖОББМ-де «Олар біздің мектепте оқыды» тақырыбында оқушылар мен мектеп түлектері (студенттер) арасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – оқушыларға мектеп түлектерінің өмір жолы мен жетістіктерін таныстыру, жас ұрпақты білімге ұмтылуға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке баулу, сондай-ақ патриоттық тәрбие беру. Іс-шара барысында студенттер өздерінің мектептегі естеліктерімен бөлісіп, қазіргі таңда таңдаған мамандықтары, оқу барысы және болашақ жоспарлары туралы