«Мектебім- мейірім мекені» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Мектебім- мейірім мекені»
01
сентябрь
2023

«Мектебім- мейірім мекені»

№21 жалпы орта білім беретін мектебінде  2023 жылдың 1 қыркүйек күні «Мектебім- мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын сағат 9.00 басталып, 9.45 аяқталды.  Мектеп директоры Э.Бекжанова мектеп ұжымын, ата-аналарды, 1сынып бүлдіршіндерін Білім күні мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Ж. Беркімбекова, аудандық  орталық аурухананың бас дәрігері  М.И.Дәрменов, Андас батыр ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Г.Қожаназарова, ардагер ұстаз З.Султанбаева  қатысып, 1 сынып оқушыларын Білім күні мерекесімен құттықтады. Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа   83 бала қабылданды.  
Мереке барысында 1 сынып оқушыларды қазақ, орыс тілінде тақпақтарын айтты.Салтанатты жиын ән-сазды бағдарламамен жалғасып, мектеп табалдырығын  аттағалы отырған 1-сынып  оқушыларының орындауында «Үйретеді», «Первоклашка»  әндері өз әсерін қалдырды. Қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің 11-сынып түлектері Н.Капалбай  , В.Шляхова және 1сынып білім алушылары А.Болатбек пен М.Тұрсынбайға берілді. Алғашқы қоңырау мерекесі 2023 – 2024 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасты. «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында  бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.