«Таланттар күні» » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » «Таланттар күні»
09
июнь
2023

«Таланттар күні»

«Балдәурен» атты мектеп жанындағы лагерь маусым айы мезгілінде жұмыс жасады. Лагерь жұмысы балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой-өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттыруға, гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға, спорттық, білім беру, балалық шағынан бастап «салауатты өмір сүру» түсінігін бойына қалыптастыруға бағытталды.
          Күн сайын бой жазу жаттығулар, түрлі ойындар, тақырыпты  іс шаралар өткізілді. «Таланттар күні» балалар дайындаған өлеңдерін, билерін көрсетті. Өте қызықты билерді «Балапан», «Улыбка» топтары көрсетті. Балаларға сыйлықтар   тапсырылды. «Білімді мыңды жығады» тақырыбында  кітапханашылар А. Наурызбай мен А. Молдаханованың мақал-мәтел сайысы ұйымдастырды.Балаларды үш топқа бөлу арқылы жеңімпаздарды анықтап, белсене қатысқан балаларға сыйлықтар берілді. Оқуға құштар мектеп"жобасын іске асыру мақсатында оқушылармен таза ауада "Менің сүйікті кітабым" тақырыбында кітап оқу ұйымдастырылды.Театр күніне кітапханашылар Наурызбай А.Б Молдаханова А.А ұйымдастыруымен "Бауырсақ"ертегісінен көрініс көрсетілді.Көрініске қатысқан оқушылар берілген рөлдерін керемет сомдап шықты.Соңында балаларға ертегіге байланысты сұрақтар қойылып,би биленді .Қатысушыларға кішігірім сыйлық берілді!