05
июнь
2023
Мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуы
Жазғы демалыста оқушылар салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында біздің мектепте «Балдәурен» мектеп жанындағы сауықтыру лагері ашылды. Мектеп жанында сауықтыру лагері 5 маусым күні ашылды. «Балдәурен» сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты 1 – 2 ауысым жұмыс жоспары, оқушылардың өмірін қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін іс – шаралар жоспары құрылып, бекітілді. 5 маусым күні мектеп жанындағы "Балдәурен" сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты "Балалардың игілігі үшін!" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылып, балалар өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.Мереке барысында алғашқы құттықтау сөзін мектеп директоры Бекжанова Э.А сөйлеп, балаларға жылы лебіздерін білдіріп, жазғы демалыстарын қызықты өткізу үшін мектепте «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылып, екі кезеңде 3 топта 68 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар , 4 тілдік және балалардың қызығушылығы бойынша 3 үйірме жұмыс атқарады. Күнделікті жас ұрпақтың денсаулығы , асханадағы ас мәзірінің сапасы медбикенің бақылауына қойылды. Балалардың психологиялық көңіл күйін арттыру мақсатында психологиялық кеңес және кітап оқуға құштарлығын нығайтуға бағытталған «Кітапхана әлемі» жұмыстары ұйымдастырылды. Мерекеге қатысқан ата-аналар, әжелер өздерінің тілектеріп білдіріп, балаларды мейрамымен құттықтады. Концерттік бағдарлама өз бастауын алып,мектептің дарынды әрі талантты балалары өнерлерін көрсетті, жаз , мектеп, достық, мейірімділік туралы тақпақтар оқыды, әнші балалар патриоттық және туған жер туралы әндерін орындады. Мерекенің соңында әрбір бала «Тілектер ағашына» өздерінің армандарын, достарына,отбасына,алтын ұя-мектебіне,ұстаздарына деген ыстық лебіздерін «смайликтерге» арқылы жазып,білдірді. Салтанатты жиыннан кейін балаларға дәмді түскі ас беріліп, сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.






