19
октябрь
2021
Көшбасшы оқушылар
#21 жобб мектебінде жаңа жобаның тұсауы кесілді. Жобаның атауы: #Өзімізотырыпшайішейік #подкасты. Подкасттың негізгі мақсаты: Көшбасшы оқушылардың ізденуге, лидер болуға, ел алдында еркін сөйлеуге дағдаландыру, өмірде өз орнын тапқан тұлғалардың өмірімен, шығармашылығымен танысу, үлгі алу, сапалы сұрақтар қою арқылы тұшымды жауаптар алу. Подкастымыздың ең алғашқы қонағы мектебіміздің директоры Бекжанова Эльмира Алтынбекқызы болды. Дебат үйірмесінің қатысушылары қонағымызға балалық шағынан бастап директорлық жолына дейінгі өмір жолы, мансабы мен отбасының жай-күйі, оқушыларға беретін бағыт-бағдары мен мотивациясы. Оқушылар үшін берері мол, үлгісі бар дүние болды.


