"Мектеп психологынан психологиялық кеңес" » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Мектеп психологынан психологиялық кеңес"
31
май
2022

"Мектеп психологынан психологиялық кеңес"

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
  • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
  • Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
  • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
  • Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
  • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
  • Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
  • Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
  • Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
  • Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
  • Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Стресс қорқынышты тудырады, ал қорқыныш стрессті тудырады. Тұйықталған шеңберді, емтиханды тапсырып болғаннан кейін үзуге болады.
Оқушылардың өмірінде, ең маңызды емтихан қарсаңында – қорқынышты қалай жеңуге болатыны туралы бірнеше ережені ұсынамыз.
Өзіңе қорықпауға тыйым сал!
Өз ойыңызды жақсы бағытта бағыттап көріңіз және өзіңізге қайталаңыз: «Мен ұзақ уақыт бойы  жұмыс істеп, мақсатты түрде жұмыс жасадым, барлық күш-жігеріммен айналыстым, барлық материалдарды білемін және өзіме жеткілікті жақсы білемін».
Бұл стресс пен дүрбелеңді жеңудің ең жылдам, жеңіл және тиімді әдісі. Көзіңізді жұмып, баяу және терең дем алыңыз. 
         Аутотренинг – тиімді техника: ми осындай командаларға толықтай бағынады. 
         Емтиханнан сүріну туралы ешқашан ойламауды үйрен!
Біз дәл және көп  ойлап жүрген  нәрсемізді, түпкілікті нәтижеде бағдарлау арқылы аламыз.Алатын нәтижеміз көңілден шығу үшін, жақсы ойлап, өзімізді сәттілікке бағыттауымыз керек: «Менің қолымнан келеді, керек кезде менің есіме барлығы түсед
Біреудің толқуларын өзіңе жақын қабылдама!
Әдетте, емтихан басталар алдында кейбір балалардан мынандай сөздерді естуге болады: «Ой, мен бүгін тапсыра алмаймын! Басымнан бәрі шығып кетті! Мен қатты қобалжып тұрмын! ». Осындай жағдайларда, ешқашан  өзіңе шынайы қабылдамауын керексін, дұрысы шетке шығып кету. 
         Қобалжуды ойыңыздан шығарыңыз!
Ауыр қолайсыздықтан құтылу үшін жеңіл жаттығулар жасау арқылы құтыла аласыз. Бірнеше рет басты айналдырып, қолдарды машықтырып, иықты сілкіңіз