05
сентябрь
2022
«Абайлаңыз-балалар!»
Меркі ауданының білім бөлімінің 01.09.2022ж. №944 хаты негізінде мектепте «Абайлаңыз-балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 5 қыркүйек күні 1 сынып оқушыларымен жол-көлік оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпсіз жүріс -тұрыс дағдыларын бекіту сабағы өткізілді. Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция инспекторы Б.Дауренбеков білім алушыларға жол ережелері жайында айтып, Ә.Шотай орталық жолындағы жол белгілерімен таныстырды. Жолдан өту ережесі бойынша сұрақ - жауап жүргізіп, практикалық түрінде бекітті. Қамтылған: 72 оқушы.




