"Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз" » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » "Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз"
25
ноябрь
2022

"Біз діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз"

25 қараша күні үйірме жетекшісі  К.Исабековтың ұйымдастыруымен «Біз діни экстремизм мен   терроризмге қарсымыз!» ұранымен волейбол ойынынан жарыс өтті. Жарысқа  32 оқушы қатысты. Волейбол бүкілдүниежүзіне тез әрі кең тараған спорттық ойын. Волейбол спорттың қызықты және қолайлы түрлерінің бірі болып есептеледі. Бұл ойынның кең тарауына ережесінің қарапайымдылығы мен орындалатын қимыл- қозғалыстарының күрделі еместігі, сонымен бірге волейболды кез-келген жастағы адам ойнай алатындығы себеп болады. Біздің де мектебімізде волейбол ойынына ерекше көңіл бөлінуде. Жарысқа 6-7 сыныптар аралығында 4 команда  қатысты. Салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы игі бастамасы бірауыздан қолдау тауып, спорттық жарыстарға қатысушылар санының жылдан – жылға көбейіп келе жатқандығы көңілге үлкен қуаныш ұялатады. Ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Бұл іс-шара оқушыларды достыққа , ынтымақтыққа, ұйымшылдыққа тәрбиеледі.