«Жас маман - 2021» байқауы » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » » «Жас маман - 2021» байқауы
31
март
2021

«Жас маман - 2021» байқауы

№ 21 жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс жоспары бойынша  наурыз айында жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жас маман - 2021» байқауы өткізілді. Байқау 4 кезең бойынша ұйымдастырылды.

Бірінші - «Мен - ұстазбын», өзін – өзі таныстыру сайысы.Бұл сайыста байқауға қатысушы өзі туралы және өзінің қызмет атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырды, сайыс қатысушының қалаған түрінде жүргізілді. (қатысушы ән айту, өлең оқу, т. б өзінің ізденісіне байланысты таныстыруы).
Екінші  - «Ізденіс – шығармашылық негізі», әдістемелік тақырыбын қорғау, панорамалық сабақ көрсету сайысы. Бұл сайыста қатысушылар өздерінің  шығармашылық  ізденісінің жетілуін көрсетті. 
Үшінші -  «Сұраққа дайын жауабым»Бұл сайыс жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ - жауап арқылы қатысушының білім деңгейін, кәсіптік біліктілігін, ой - өрісін тексеру мақсатында өтті.
Төртінші – «Мен қазіргі заманның педагогымын» эссе байқауы. Жас мұғалімдер қазіргі заман талабына сай педагог имиджі, білім беру жүйесін дамытудағы  педагог ролі туралы эссе жазып, шығармашылықпен көзге түсті. Байқауда эссе ережесіне  қойылатын талаптарға, яғни оны бағалау үшін белгіленген критерийлеріне сәйкес: айтар дербес ой-пікірлерін жүйелі жеткізе алуымен, мәтіннің көркемдік құрылымға негізделуінде өзіндік өрнек іздеуімен айрықшаланған жұмыстар болды. Мектепішілік " Жас маман- 2021" атты байқауы жас мамандардың кәсіби сайысы  болып табылады, сайыс барысында әріптестердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының, қоғамның арасында беделге ие және өздерінің кәсіби ұстанымдарын қорғай алатын шығармашылықпен жұмыс істейтін жас педагогтар анықталды.Сайыскерлер барлығы мүмкіндіктеріне жауапкершілікпен дайындалған, барлығы берілген жоспар бойынша қатысып, жұмыстарын қорғады.                               
Байқау қорытындысымен:
1 орын – Алхожаева Назерке, химия пәнінің мұғалімі
2 орын – Абдрахманова Ақбота, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3 орын – Беридзе Фатима, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі иеленді.