Lesson Study
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында жүргізілген әкімшілік диагностикалық бақылау қорытындысы бойынша 6 «а» және 8 «в» сыныптары мектепішілік бақылауға қойылды. Осы сыныптарда оқуды және оқытуды жақсарту үшін Lesson Study тәсілі ұсынылды. Lesson Studyді жоспарлау барысында мектептің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының мүшелері жиналып, бірінші отырысты өткізді. Отырыс барысында Лессон Стади зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізсек, өзіміздегі өзекті проблеманың шешуін табатындығы туралы педагогтар тарапынан ұсыныстар айтылды. Ұсыныстар жұмыс барысында қолданылуда.
А.А.Джелдикбаева, директордың
оқу-әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары