04
ноябрь
2022
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
#21 ЖОББ мектебінде 4 қараша күні 1 -11 сынып жетекшілеріне семинар - тренинг өткізілді. Семинар барысында ДҚТЖО: Ж.Ж.Жакипбекова сынып жетекшілерге 9-20 қараша аралығында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында ақпараттық науқан өткізілетіні туралы айтып, жоспармен таныстырды. Науқанның мақсаты: балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық - зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму, деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл - ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.






