10
October
2024
«Достық қолын ұсын»
«Кел, дос болайық!" акциясы аясында оқушылардың арасында адамдардың жеке басындағы және мінез-құлқындағы жалпы және ерекше көріністерге қызығушылық, адамдардың теңдігі туралы идеяларды кеңейту, эмпатияны дамыту, жағымды қарым-қатынас дағдылары және қоғамда тиімді өзара әрекеттесу, қарым-қатынас дағдылары, командада жұмыс істей білу, жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, достық қарым-қатынаста өзара көмектің құндылығын түсіну, қорлыққа (буллингке) ұшыраған жағдайдағы қауіпсіздік ережелері туралы 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сабақтары өткізілді. «Біз доспыз!», “Дос болсаң , адал дос бол !” , «Біз әртүрліміз, бірақ біз теңбіз» тақырыбында шығармашылық ойындар өткізілді. «Достық қолын ұсын» акциясы аясында мектеп парламенті бастауыш сынып оқушыларына қосымша сабақ оқытып, мектеп ортасында достық қарым-қатынас орнатты.
