Қыздармен психологиялық кеңес » №21 ЖОББМ
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 2-51-28
bookkeeping:
+7(72632) 2-51-28
Version for
visually impaired
» » Қыздармен психологиялық кеңес
23
December
2025

Қыздармен психологиялық кеңес

    9–10–11 сынып қыздарымен ДТЖО, педагог-психолог және тәлімгердің қатысуымен тәрбиелік бағыттағы кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қыз балалар арасындағы тәрбие мәселелері, өзара қарым-қатынас мәдениеті, сыйластық, жауапкершілік, достық және бір-бірін түсіне білу тақырыптары кеңінен талқыланды. Педагог-психолог оқушыларға тұлғааралық қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру, өз эмоцияларын басқару, ортада өзін дұрыс ұстау жөнінде психологиялық кеңестер берді. Тәлімгер тарапынан адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, қыз бала тәрбиесінің маңыздылығы, жауапкершілік пен сыйластықтың қоғамдағы орны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
Аталған іс-шара оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына, өзара түсіністігін арттыруға оң ықпал етті.