Ата ана жиналысы » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата ана жиналысы
27
апрель
2023

Ата ана жиналысы

27 сәуір 2023 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 24 сәуір 2023 жылғы №598 хаты негізінде 9,11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына, санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған!
Мереке күндеріне байланысты ата-аналардан педагогтар және сынып жетекшілер ешқандай сыйақы (ақшалай,қымбат заттар) алуға тыйым салынып, сыйақы (ақшалай, қымбат заттар) алу жағдайына жол берген мұғалім немесе сынып жетекшіге тиісті шара қолданылатыны ескертілді. 
Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда мектептің фойесінде орналасқан сенім жәшігіне және сенім телефоны арқылы мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттілігін ата-аналарға ескертуді сынып жетекшілерге тапсырылды.
Мереке күндері кәмілетке толмаған білім алушылардың ата-анасыз түнгі уақытта жүруі және топтасып серуендеуге тыйым салынатыны ескертілді.