29
сентябрь
2022
«Жарылғыш құрылғыға ұқсас заттарды анықтаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбында түсіндіру сабағы
Түсіндіру сабағында АӘД пәні мұғалімі С.Кыдыралиев мектеп кіші қызметкерлерге «Жарылғыш құрылғыға ұқсас заттарды анықтау бойынша ұсыныстар» туралы. «Жарылғыш құрылғыға ұқсас заттарды анықтаған кездегі іс-қимылдар» тақырыбында түсіндірулерді плакаттар арқылы берді және кіші қызметкерлер берген сұрақтарға жауаптар берді. АӘД пәні мұғалімі С.Кыдыралиев мекеме қызметкерлеріне жарылғыш құрылғылардың іске қосылу нәтижесінде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйінділердің арасында қалған жағдайда тұрғындарға қандай көмек көрсету керек екендігін айтып өтті. Заттардың сыртқы көрінісі оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкін.Жарылғыш заттар үшін камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б Сондай-ақ табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын белгілерін айтты. Күдікті зат тауып алған кезде ең бастысы адам не істеу керектігін атап өтті. Мысалы: қоғамдық көлікте, кіре беріс аула маңында немесе көшеде, мекемелерде. Жарылғыш қондырғысына ұқсас зат табылған кездегі іс-әрекеттер: Жарылғыш қондырғысының (ЖҚ): бар екенін көрсететін белгілер: - табылған затта сым, жіп, изоленталардың болуы; - заттан сыбдыр, сағаттың тықылдауы, күдікті дыбыстар шығуы; - заттан ерекше бадам иісі немесе әдеттен өзгеше басқа да иістердің шығатындығын ескертті.

