"Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым" » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым"
30
ноябрь
2022

"Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым"

«Берекелі шаңырақ» жобасы аясында 30 қараша күні №21ЖОББ мектебінде директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Э.Тайбекованың ұйымдастыруымен "Салт-дәстүрім-сарқылмас байлығым" тақырыбында сынып жетекшілер Г.Наметкулова, З.Наурызбаева және А.Абдрахманова тәрбиелік іс-шара өткізді. Мақсаты: Білім алушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету. Іс-шараға ауылдың аяулы әжелері , ардақты аналары қатысып, заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғыртты. Білім алушы қыздар ата -аналар алдында би билеп , ән салып  өз өнерлерін көрсетті. Ал,  ұл балалар қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі - арқан тартысып , іс шараны қызықтыра түсті. Салт пен дәстүр қағидасы ұлтымның,-деп ақын Сабыр Адай жырлағандай, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.