«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы»
25
январь
2022

«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы»

«Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы» тақырыбында мектепте сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту. Сынып жетекшісі Б.Иманбеков әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болатынын, бір ұлтты ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері туралы айтып өтті.  Сыныптың әр оқушысы салт -дәстүрлерге презентациялар жасап , қазақ халқының фольклоры, мәдениеті, ұмытыла бастаған ежелгі Қазақстан салт-дәстүрлері  туралы  толық ақпарат берді, соңында оқушылар өз ойларын айтып, сұхбат жүргізді.