Моноторинг комиссия мүшелерінің наурыз айында жүргізілген тексеру жұмыстары туралы Ақпарат » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Моноторинг комиссия мүшелерінің наурыз айында жүргізілген тексеру жұмыстары туралы Ақпарат
27
март
2023

Моноторинг комиссия мүшелерінің наурыз айында жүргізілген тексеру жұмыстары туралы Ақпарат

 Мектепте наурыз айында  мониторинг комиссия мүшелері асханаға кезекті  тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында   асхана қызметкерлерінің киім үлгісі таза, бас киімдері бар, аяқ киімдері былғарыдан жасалған талапқа сай болды.   Ас блогындағы екі  тоңазытқыштардың іштері таза, термометр қойылған, тауар көршілестігі  дұрыс сақталған. Тәуліктік сынама әдеттегідей  қақпағы бар  шиша құтыға салынып, мерзімдері көрсетілген, бір күндік  дайын тағам өнімдерінің  шығым мөлшері   ас мәзіріне сәйкес келеді.   Ауыз су дұрыс жолға қойылған, қайнатылған су арнайы су құрылғысындағы бөтелкеге құйылып,  кестеге сәйкес ауыстырылған. Асханадағы дайын тағам

 өнімдеріне  мектеп медбикелері органалептикалық бағалау күнделікті жүргізіп  журналдарына тіркелген. «C» - витаминдеу дайын компоттарға талапқа сай қосылып беріліп отырады. Күнделікті ас мәзірі мектеп директорымен бекітіліп ілінген. Асхана қоймасындағы көкөністер дұрыс сақталған. Қоймадағы тоңазытқыштың ішкі таза, кейбір көкөністер  дұрыс   сақталған. (сәбіз) Екі қолжуғышта су бар, іші таза, сусабын бар, қағаз сүлгі қойылған.  Асханада ыдыстар жеткілікті, балаларға тамақтануға арналған орындар да жеткілікті.