«Сенімділік бойыңа күш береді» психологиялық тренинг » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сенімділік бойыңа күш береді» психологиялық тренинг
04
февраль
2026

«Сенімділік бойыңа күш береді» психологиялық тренинг

Іс-шара тақырыбы: «Сенімділік бойыңа күш береді» психологиялық тренинг
 
 
     Мақсаты: оқушыларының өзіне деген сенімділігін арттыру, ішкі ресурстарын сезіндіру, жағымды ойлау дағдыларын қалыптастыру және қорқыныш пен сенімсіздікті жеңуге психологиялық қолдау көрсету, оқушыларды өз эмоцияларын түсінуге, теріс ойларды басқаруға, стрессті тиімді еңсеруге және болашаққа сеніммен қадам жасауға бағыттау.
Психологиялық жұмыс бағыты: дамыту-түзету, психологиялық ағарту және алдын алу
Мерзімі: 4 ақпан 2026жыл
 Қатысушылар: 9–10–11 сынып оқушылары
 Жүргізген: мектеп психологы А. Назаркулова
Тренинг барысы:
        Тренингтің басында оқушыларға сенімділік ұғымы түсіндірілді. «Сенімді адам – бәрін білетін адам емес, өз күшіне сенетін адам» қағидасы негізінде сенімділікті қалыптастыру жолдары талқыланды. Қатысушыларға бұл ортада дұрыс немесе бұрыс жауап жоқ екені, тек шынайылық маңызды екені ескертілді.
1-жаттығу: «Мен кіммін?»
 Оқушылар «Мен … адаммын» деп басталатын 5 жағымды қасиетін жазды.
 Мақсаты – оқушылардың өздерінің жақсы қырларын көруіне және өзін-өзі бағалауын арттыруға ықпал ету.
 Қорытындысында сенімділік өзіңнің жақсы қасиеттеріңді танудан басталатыны айтылды.
Теориялық бөлім:
 Ойлардың адам өміріндегі рөлі түсіндірілді. Күнделікті ішкі диалог, теріс ойлардың әсері, ой – әрекет – нәтиже байланысы қарастырылды. Теріс ойларды анықтау және оларды басқару қажеттілігі айтылды.
2-жаттығу: «Қорқынышты жеңу»
 Оқушылар парақтың сол жағына «Мені сенімсіз ететін нәрсе», оң жағына «Оны қалай жеңе аламын?» деп жазды.
 Мақсаты – қорқынышты мойындау және оны жеңудің нақты жолдарын анықтау.
 Талқылау барысында қорқыныш әлсіздік емес, дамуға берілген мүмкіндік екені айтылды.
Психологиялық ақпараттық бөлім:
 Элизабет Кюблер-Росс ұсынған эмоциялық қабылдау кезеңдері (теріске шығару, ашу, саудаласу, депрессия, қабылдау) түсіндірілді.
 Майндфулнес және MBSR (саналы зейін қою) тәсілінің маңызы айтылып, «осы жерде және қазір» қағидасы талқыланды.
11-сынып оқушыларына болашаққа қатысты мотивациялық кеңестер берілді:
 – Өмірінің жауапкершілігін өз қолына алу;
 – Уақытты тиімді пайдалану;
 – Қиындықты мүмкіндік ретінде қабылдау;
 – Еңбектің нәтижесіне сену;
 – Стресті басқару және өзіне мейірімді болу.
Қорытынды бөлім:
 G.L.A.D әдісі таныстырылды:
 G – Gratitude (Ризашылық)
 L – Learned (Үйрендім)
 A – Accomplishment (Жетістік)
 D – Delight (Қуаныш)
Әдіс оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға және өмірдегі жағымды сәттерге назар аударуға бағытталған.
Қорытынды:
Тренинг барысында оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді. Жаттығулар арқылы өздерінің жағымды қасиеттерін анықтап, қорқыныштарын талдауға мүмкіндік алды. Тренинг оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыруға және позитивті ойлауды қалыптастыруға ықпал етті.