Әдістемелік кеңес – кәсіби дамудың сатысы » №21 ЖОББМ
Жамбылская область
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632) 2-51-28
Бухгалтерия
+7(72632) 2-51-28
Версия для
слабовидящих
» » » Әдістемелік кеңес – кәсіби дамудың сатысы
19
ноябрь
2021

Әдістемелік кеңес – кәсіби дамудың сатысы

Әдістемелік кеңес – кәсіби дамудың сатысы


Преподавателидің педагогикалық шеберлігін дамыту және мектептегі барлық жұмыс жүйелерін біртұтас етіп біріктіретін жүйе – әдістемелік жұмыс жүйесі. Мектебімізде қараша айында мектептің оқу-тәрбие жоспарына сай №2 әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңеске барлық әдістеме бірлестік мүшелері қатысты. Тарих пәні мұғалімі А.Турдиева «Изучение и использование различных видов контроля в коллективных формах работы» тақырыбында баяндама жасап, «Матрица» әдісімен таныстырып, өз ойларымен бөлісті. Математика пәні, ІІ деңгей мұғалімі З.А.Домасбекова «Инклюзивное образование в условиях современной школы» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында пән мұғалімдері топтарда жұмыс жасап, постерлерін қорғады. Коуч инклюзивті білім беру-жалпы білім беруді дамыту процесі, ол ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білімге қол жетімділікті қамтамасыз ететін барлық балалардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделу тұрғысынан барлығына қол жетімділікті білдіреді деп қорытындылады. Күн тәртібінде бірлестік мүшелері өз бірлестік мүшелерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасай отырып, алдағы уақыттағы түзету жұмыстарының барысына жан-жақты саралау жасады.

А.А.Джелдикбаева, 

директордың әдістемелік 

ісі жөніндегі орынбасары